Дубайдан қазақстандықтарды эвакуациялау: Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Көлік министрлігі алғашқы жолаушылар Таяу Шығыстан, атап айтқанда, Дубайдан Астана мен Алматыға жеткізілгенін хабарлады.
"Бүгін Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды. Бұл бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда.
Жақын уақытта Медина мен Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарлануда. Әлеуметтік желілерде жолаушылар тарабынан ризашылық пен оң пікірлер жарияланып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2349814-dubaidan-qazaqstandyqtardy-evakuatsiialau-qazaqstanga-algashqy-zholaushylar-zhetkizildi-video/