jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Таяу Шығыстағы жағдай: СІМ қазақстандықтарға 15 елге бармауға кеңес берді

    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарға байланысты азаматтарға бірнеше елге барудан бас тартуды ұсынды. Бұл ұсыныс аймақтағы жағдай толық тұрақтанғанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрлік тізіміне Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман және Сирия еніп отыр. Сонымен қатар көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты сапарларды шектеу қажеттігі атап өтілді.

    Қазақстан азаматтарына өңірде жүрген жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, қауіпті аймақтарға бармау, жергілікті билік нұсқауларын орындау, зымыран қауіпі туындағанда баспаналарға немесе паналау орындарына шұғыл бару ұсынылады.

    Сондай-ақ шетелдегі елшілік, туроператорлар және әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болу маңызды.

    Свежая публикация по теме:
    Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты
    Таяу Шығыстағы жағдай: СІМ қазақстандықтарға 15 елге бармауға кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.