jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Қазақстанның екі елдегі жаңа елшілерін тағайындады

    портфель ұстаған адам
    Портфель ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлықтарымен:

    Асет Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма одағы республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

    Тоқаев Қазақстанның екі елдегі жаңа елшілерін тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.