jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ердоған Тоқаевты Түркияға шақырды: Ақорда президенттің алдағы уақытқа жоспарын жария етті

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ертең, 17 сәуірде Түркияға жол тартатынын хабарлады. Оны Режеп Тайип Ердоған шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорда мәліметіне сәйкес, президент Режеп Тайип Ердоғаннан шақырту алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 сәуірде Түркияға жұмыс сапарымен барады.

    Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

    Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

    Ердоған Тоқаевты Түркияға шақырды: Ақорда президенттің алдағы уақытқа жоспарын жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.