jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді (фото)

    Эмомали Рахмон
    Эмомали Рахмон. Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

    Тәжікстан президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 22-24 сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммит - 2026 іс-шарасына қатысу үшін Астанаға келген.

    Эмомали Рахмон
    Эмомали Рахмон. Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

    Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін жариялаған еді.

    Оған сай 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

    БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

    Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

    Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram