jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Астанадағы саммитке келген жеті елдің президенттерін қарсы алды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев жет елдің президенттерімен. Фото: Ақорда

    Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді. Мәртебелі меймандарды президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорда мәліметінше, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

    Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсен, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

    Тоқаев Астанадағы саммитке келген жеті елдің президенттерін қарсы алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.