jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ақордада Израиль президентін салтанатты түрде қарсы алды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ицхак Герцог
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ицхак Герцог. Фото: Ақорда

    Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен екі елдің басшылары бір біріне делегация мүшелерін таныстырған.

    Кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог наурыз айында телефон арқылы сөйлескен еді.

    Ол кезде Израиль президенті мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтаған болатын.

    Сондай-ақ әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылаған еді.

    Тоқаев Ақордада Израиль президентін салтанатты түрде қарсы алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.