Тоқаев Қазақстанға келген Ердоғанды қалай күтіп алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді. Бауырлас елдің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың хабарлауынша, еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.
Түркия президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына "Ata yurda hoş geldiniz!" – "Атажұртқа қош келдіңіз!" деп екі тілде қошемет көрсетті.
Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.
Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2376219-toqaev-qazaqstanga-kelgen-erdogandy-qalai-kutip-aldy-foto-video/