Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды.
Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты:
- 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан мен Түркия арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама;
- Қазақстан үкіметі мен Түркия үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім;
- Қазақстан үкіметі мен Түркия үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;
- Қазақстан үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім;
- Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы "Абай-Акиф" бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім;
- Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан "Маариф" Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум;
- Қазақстан президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- АНКА ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
️Сонымен қатар Түркия президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен "Ыстанбұл қор биржасы" акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2376663-toqaev-pen-erdogan-manggilik-dostyq-turaly-deklaratsiiaga-qol-qoidy/