Тоқаев Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірген.
Сондай-ақ президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.
Естеріңізге сала кетейік, 7 маусымда Арменияда парламенттік сайлау өтті.
Кейінірек елдің орталық сайлау комиссиясы 22,32 пайыз бюллетень өңделгенін, оның қортындысы бойынша Никол Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы алда тұрғанын мәлімдеді.
8 маусымда Армения премьер-министрі өзінің партиясы жеңіске жеткенін хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2385588-toqaev-pashiniandy-parlamenttik-sailaudagy-zhengisimen-quttyqtady/