jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті

    Встреча в Китае
    Фото: БҚО әкімдігі

    Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жетекшілік еткен батысқазақстандық ресми және іскерлік делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды. Оның аясында облыс әкімі Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті. Іс-шараның өтуіне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті.

    Халық саны 40 миллионнан асатын Ляонин провинциясы – мұнай-газ саласында тәжірибесі мол, өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңір. Бұл салалар Батыс Қазақстан облысы үшін де ерекше маңызға ие. Аграрлық секторды дамытудағы қолайлы мүмкіндіктер жағынан да қос өлкенің ұқсастығы көп. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының "алтын 30 жылдығы" аясында өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Облыс әкімі екі ел көшбасшыларының басшылығымен Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік сапалық тұрғыдан нығайып келе жатқанын атап өтті.

    Нариман Төреғалиев
    Фото: БҚО әкімдігі

    "Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен біз өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартып, қызығушылық танытқан компанияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Қытайлық инвесторлармен бірлесіп, сұйық метанол, цемент зауыттары, газ турбиналы және жел электр стансаларын салу және өзге де маңызды жобаларды іске асырып жатырмыз. Жұмыс орындарын ашам, өндірісті дамытам деген инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ бар", - деді Нариман Төреғалиев.

    Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй де өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

    Встреча в Китае
    Фото: БҚО әкімдігі

    "ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин екі ел бір-біріне сенім артатын стратегиялық серіктестер екенін үнемі атап өтеді. Кейінгі жылдары Ляонин өлкесі мен Қазақстан арасындағы байланыс беки түсті. Былтыр екіжақты сауда айналымы 2,7 миллиард юаньға жетті. Сіздердің Халықаралық бауырлас қалалар форумына келулеріңіз ортақ мақсат жолындағы шынайы ықыласты білдіреді", - деді Ван Синьвэй.

    Встреча в Китае
    Фото: БҚО әкімдігі

    Қытайлық тарап достық байланыс, өндірістік ынтымақтастықты тереңдетуден бөлек, Қытай мен Қазақстан мәдениетінің жылы аясында мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге де мүдделілік танытты.

    Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.