jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өткен.

    "Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылған.

    Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылаған.

    Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келіскен.

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.