Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады.
мемлекет басшысы Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2398406-toqaev-monggoliia-prezidentine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/