jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жаңа "алтын 30 жылдыққа" қадам бастық": Тоқаев Си Цзиньпинге алғыс айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың бизнес өкілдерімен кездесті. Президент кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездескенін хабарлады.

    "Дөңгелек үстел" форматында өткен кездесуде президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді.

    "Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа "алтын отыз жылдығына" бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Жаңа "алтын 30 жылдыққа" қадам бастық": Тоқаев Си Цзиньпинге алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.