jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Бейжіңде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

    Встречи в Пекине
    Фото: gov.kz

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының атом саласындағы негізгі мемлекеттік органдары мен жетекші ұйымдарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Атап айтқанда, ҚХР Мемлекеттік энергетика істері басқармасының (NEA) басшысы Ван Хунчжимен, Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (CAEA) төрағасы Шань Чжундэмен, сондай-ақ Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) басқарма төрағасы Шэнь Яньфэнмен келіссөздер өтті.

    Встречи в Пекине
    Фото: gov.kz

    Кездесулер барысында бірлескен бастамаларды іске асыру, өндірістік кооперацияны дамыту, сондай-ақ екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен атом өнеркәсібі ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

    Встречи в Пекине
    Фото: gov.kz

    Келіссөздер барысында атом саласын мемлекеттік реттеу, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлар даярлау және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Встречи в Пекине
    Фото: gov.kz

    Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асыруға және атом саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмыс тетіктерінің қызметін жандандыруға дайын екендіктерін растады.

    Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Бейжіңде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.