jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жоғары шеберлік, үйлесімді командалық ойын": Тоқаев Испания королін әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Футболдан Испания құрамасы
    Футболдан Испания құрамасы. Фото: Evrim Aydin/Anadolu via Getty Images

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.

    "Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті.

    Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда "Атлетико Мадрид" клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін.

    Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін", - деп жазылған жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

    "Жоғары шеберлік, үйлесімді командалық ойын": Тоқаев Испания королін әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.