jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Путинмен кездеседі: Тоқаев форумға қатысу үшін Омбыға барды (фото)

    Тоқаев
    Тоқаев Омбы қаласына барды. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.

    "Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбыға барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін жазған едік.

    Путинмен кездеседі: Тоқаев форумға қатысу үшін Омбыға барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram