Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьері Эндрю Бернемді құттықтады
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өткен.
Сонымен қатар екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растаған.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тілеген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Лейбористік партияның көшбасшысы Энди Бернем ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне кірісті.
Бұған дейін 2024 жылдың шілдесінен бері ел үкіметін басқарған Кир Стармер қызметінен кететінін хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2404514-toqaev-endriu-bernemdi-ulybritaniia-premer-ministri-qyzmetine-kirisuimen-quttyqtady/
