jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Тәжікстан президентімен кездесті

    Тоқаев пен Эмомали Рахмон
    Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

    ️Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.

    ️Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.

    ️Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

    ️Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.

    Тоқаев Тәжікстан президентімен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.