jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Мұндай сценарий қарастырылып жатқан жоқ": министрлік КҚК жұмысына қатысты мәлімдеме жасады

    КҚК
    КҚК. Фото: Telegram / caspian_pipeline

    Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    Энергетика министрлігінің ресми Telegram-арнасында атап өтілгендей, жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ, дейді ведомство өкілдері.

    "31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.

    ️1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.

    ️Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда", - делінген министрлік хабарламасында.

    "Мұндай сценарий қарастырылып жатқан жоқ": министрлік КҚК жұмысына қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.