jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Пашинянды Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады

    Тоқаев пен Пашинян
    Тоқаев пен Пашинян. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

    Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.

    Президент пен премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады.

    Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

    Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

    Тоқаев Пашинянды Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.