Бельгия королі биыл Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек
Жарияланған күні:

Бельгия королі Филипп президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Король жеделхатта мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.
Сондай-ақ король Филипп биыл президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде президент Бельгияның Ұлттық күніне орай король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдаған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін, сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергенін айтқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2410130-belgiia-koroli-toqaevqa-zhauap-hat-zholdady/
