jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мирзиеев Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке қолдауы мен халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстан байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтқан.

    Президент Өзбекстан көшбасшысына елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы айтып, Құрылтай озық, заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екеніне тоқталған.

    Тараптар достық пен стратегиялық серіктестік рухында ұдайы нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынасының даму барысына көңіл толатынын атап өткен.

    "Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге, көлік-логистика, өндірістік кооперация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік топтардың байланысын жандандыруға баса назар аударылды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

    Мирзиеев Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.