jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қай елдердің басшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Бірқатар шет мемлекет басшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей президенті Владимир Путинге, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізді.

    Мемлекет басшысы бұл парламент сайлауы Қазақстан азаматтарының ынтымағын байқатып, халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың жарқын келешегі үшін жоғары деңгейде жауапкершілік танытқанын, нағыз отаншылдық үлгісін паш еткенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның жан-жақты жаңғыруы, саяси және экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілетін үрдіске айналды. Құрылтай сайлауының қорытындысы көрсеткендей, еліміздің бағыт-бағдарын азаматтардың басым бөлігі қолдайды. Бұл Әділетті, Озық, Таза Қазақстан құру жөніндегі жоспарды ойдағыдай орындауға сенімді кепіл болады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев достас мемлекеттер басшыларының өз елдерін орнықты дамытуға бағытталған жобалары мен бағдарламаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

    ️Сондай-ақ мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті.

    Қай елдердің басшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.