Пашинян Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Жарияланған күні:

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.
Никол Пашинян ел президентін бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтаған.
"Президент премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді", - делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2417601-pashinian-toqaevty-bir-palataly-quryltai-sailauynyng-tabysty-otuimen-quttyqtady/
