jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Вучичпен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Сербия президенттері не талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Александр Вучич
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Александр Вучич. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті. Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысы Сербия президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

    Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.

    Тоқаев Вучичпен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Сербия президенттері не талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.