jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Құрылтай сайлауы: Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың Telegram-арнасында хабарланғандай, Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, бұл уақиғаның еліміз үшін тарихи мәні зор екенін атап өткен.

    Президент түрікмен халқының ұлт көшбасшысына жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов достық әрі стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізген.

    Сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса мән берілген.

    Құрылтай сайлауы: Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.