jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жапаровтан шақырту алған Тоқаев Қырғызстанға барды: ол ШЫҰ саммитіне қатысады

    Тоқаев Қырғызстанда
    Тоқаев Қырғызстанда. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шақырған. Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

    Қазақстан президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

    Жапаровтан шақырту алған Тоқаев Қырғызстанға барды: ол ШЫҰ саммитіне қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.