jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Джорджа Мелониді Италия үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады

    Джорджа Мелони және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Джорджа Мелони және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/TokayevKZ

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының премьер-министрі Джорджа Мелониді оның үкіметінің Италия тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған үкіметке айналуына байланысты құттықтау жолдады, деп жазады kazinform.

    "Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған үкіметтің құрылуына байланысты премьер-министр Джорджа Мелониге шын жүректен жылы лебізімді білдіремін.

    Оның парасатты әрі батыл басшылығы, Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғауға деген берік ұстанымы ел экономикасының тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделінің нығаюына ықпал етті.

    Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттімін.

    Премьер-министр Мелониге жоғары мемлекеттік қызметінде толағай табыс, ал Италия халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тілеймін", - деп жазды президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

    Тоқаев Джорджа Мелониді Италия үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram