jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жолаушылар тасымалын жандандырады

    Баку
    Баку. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстан мен Әзербайжан коронавирус пандемиясы кезінде тоқтап қалған жолаушылар тасымалын қайта жандандырады. Мұны Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дипломаттың айтуынша, қазақстандық тарап Әзербайжанға Құрық порты – Баку порты – Құрық порты паром желісі бойынша жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынды.

    Аталған тасымал жүйесі 2020 жылға дейін жұмыс істеген. Ол COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған еді.

    Әлім Байел тасымал тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына шамамен 1500 жолаушы қатынағанын атап өтті.

    Дипломат алдағы уақытта бұл бағытпен саяхаттағысы келетін жолаушылар саны артатынына сенім білдірді.

    Паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуға серпін береді. Сондай-ақ бұл туристік ағынды күшейтіп, Орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

    Елшінің сөзінше, әзербайжандық тарап Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қазіргі таңда екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын тез арада қалпына келтіру бойынша жұмысты бастады.

    Бүгінгі таңда Баку мен Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары арасында 37 әуе рейсі қатынайтыны белгілі.

    Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жолаушылар тасымалын жандандырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram