Тоқаев Малайзия және Грузиядағы елшілерді жаңадан тағайындады
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Малайзиядағы, Грузиядағы және Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшілерін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
- Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Талғат Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
- Болат Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2426106-toqaev-malaiziia-zhane-gruziiadagy-elshilerdi-zhangadan-tagaiyndady/
