jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Эфиопиядан шай, кофе мен гүл жеткізу: Тоқаев Қазақстанда жаңа хаб құру мүмкіндігін талқылады

    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен gремьер-министр Абий Ахмед кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын, атап айтқанда, саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты жандандыру мәселелерін талқылады.

    "Сіздің еліңізге зор құрметпен қараймыз. Аддис-Абебадағы тұрақты түрде қызмет ететін елшілігіміз Қазақстанның Африка құрлығындағы алғашқы дипломатиялық өкілдіктерінің бірі болды. Бұдан бөлек, Қазақстан Африка Одағында байқаушы ел ретінде танылған. Сондықтан біздің Африкаға деген қызығушылығымыз айқын әрі орнықты сипатқа ие. Әсіресе Эфиопияға көзқарасымыз ерекше. Елдеріңізбен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенімізді айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысының пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту арқылы іскерлік серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар.

    Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетімен танысу, Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе, сондай-ақ гүл өнімдерін жеткізуге арналған хаб құру перспективасын зерделеу үшін екі елдің делегацияларын жіберуге уағдаласты.

    Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
    Президент Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті. Фото: Ақорда

    Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.

    "Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз", – деді Эфиопия үкіметінің басшысы.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    Эфиопиядан шай, кофе мен гүл жеткізу: Тоқаев Қазақстанда жаңа хаб құру мүмкіндігін талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram