Корея президенті Тоқаевты резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты ел президенті Ли Чжэ Мёң резиденцияда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ақорда кадрларды жариялады.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президентін Корея Республикасы президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сеулге сапары барысында президент Оңтүстік Кореяның мемлекет және қоғам қайраткерлерін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Ал бүгін мемлекет басшысы Корея Республикасының премьер-министрі Хан Сон Сукпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2427964-koreia-prezidenti-toqaevty-rezidentsiiasynda-saltanatty-turde-qarsy-aldy-foto-video/
