Тоқаев Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтармен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сеулге мемлекеттік сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жүздесуде президент отандастарымызбен емен-жарқын әңгімелесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталған.
Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтқан.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тілеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2428449-toqaev-ongtustik-koreiada-turatyn-qazaqstandyqtarmen-kezdesti-foto/
