jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті: не туралы сөз болды

    Тоқаев және Путин11
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

    Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті: не туралы сөз болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram