jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Түрікменстан басшысын туған күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түскенін айтқан.

    Сонымен қатар мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өткен.

    "Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз", - деп жазды Қазақстан президенті.

    Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тілеген.

    Тоқаев Түрікменстан басшысын туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram