Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысымен кездесті
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесуде мемлекет басшысы ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өткен.
Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.
Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
Наталья Бочарова ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2431422-toqaev-halyqaralyq-orys-tili-uiymynyng-bas-hatshysymen-kezdesti/
