jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Түрікменстан басшыларына жеделхат жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақорданың Telegram-арнасында хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

     Мемлекет басшысы бауырлас Түрікменстан бұл мерейлі межені беделді, дамыған мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын, осынау жетістіктердің түп негізінде түрікмен халқының ынтымақ-бірлігі, бай мәдениеті мен жасампаз рухы жатқанын атап өтті.

    "Тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріңіз әлеуметтік-экономикалық жаңғыруда, халықтың әл-ауқатын арттыруда таңғаларлық табысқа қол жеткізді. Өзінің бейтарап ұстанымынан айнымаған мемлекет ретінде халықаралық позициясын күшейтті. Қазақстан Түрікменстанмен достық қатынасын ерекше бағалайды, тату көршілік және өзара қолдау сипатындағы сан қырлы серіктестікті нығайтуға айрықша мән береді", – деп жазылған жеделхатта.

     Қазақстан президенті Түрікменстан басшылығының мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне толайым табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

    Тоқаев Түрікменстан басшыларына жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram