Тоқаев Германияға барды: ел президентін қалай күтіп алды (фото)
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2434767-toqaev-germaniiaga-bardy-el-prezidentin-qalai-kutip-aldy-foto/
