jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер. Фото: Ақорда

    Марапаттау салтанатында мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

    "Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі", – деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды.

    "Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді мемлекет басшысы.

    Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азияға ұдайы назар аударатынын айтты.

    "Мен үшін Қазақстан халқының орны ерекше. Елдеріміз бұдан да биік табыстарға жетеді деп ойлаймын. Қазақстанға сапарымды ықыласпен еске аламын. Екі елдің мызғымас достық байланыстары ұзақ жылдарға ұласатынына сенімдімін", – деді Германия президенті.

    Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram