jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді

    Хайсам бен Тариқ Әл Саид
    Хайсам бен Тариқ Әл Саид. Фото: Marta Fernandez/Europa Press via Getty Images

    Алдағы аптада Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

    "5-6 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді", - делінген хабарламада.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

    Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram