jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Оман Сұлтанының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды: Тоқаев сұлтанды шығарып салды (фото, видео)

    Оман сұлтаны
    Оман сұлтаны. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда мәлім еттті.

    Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алған болатын.

    Ал бүгін елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алу рәсімі өтті.

    Аман сұлтанын Тоқаев шығарып салды
    Аман сұлтанын Тоқаев шығарып салды. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Оман Сұлтаны Қазақстанның жасанды интелект саласындағы жетістіктеріне қызығушылық танытты.

    Қазақстан мен Оман инвестиция, әуе қатынасы және мұнай-газ саласында жаңа келісімдер жасады.

    Оман Сұлтаны Қазақстанға алғашқы сапарында "Алтын Қыран" орденімен марапатталды.

    Оман Сұлтанының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды: Тоқаев сұлтанды шығарып салды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram