jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне төнетін басты қатерлерді атады

    ОА және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі
    ОА және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі. Фото: Ақорда

    Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев өңір елдерінің қауіпсіздігіне төнетін қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында мемлекет басшысы дүрбелеңге толы дүниеде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау басты міндет екенін мәлімдеген.

    "Терроризм, есірткі бизнесі, қару-жарақ және адам саудасы, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс пен алаяқтық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Цифрлық технологиялардың қаскөйлердің, атап айтқанда, лаңкестер мен есірткі сататын қылмыстық топтардың қолына түсу қаупі қатты алаңдатады.

    Әрине, оған қарсы тұратын тәсілдеріміз заманға сай болуы керек. Осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының тұрақты кездесулері айтарлықтай үлес қосуда. Үшінші кездесу 23-24 сәуір күндері Душанбеде өтті. Былтыр Ташкентте қабылданған Аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық тұжырымдамасын, сондай-ақ Қауіпсіздік тәуекелдері және оның алдын алу шараларының тізбесін жоғары бағалаймыз. Мұны барлық тараптың мүлтіксіз орындауы маңызды", - деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты тереңдетуге баса назар аударған. Президенттің айтуынша, аймақ елдерін бай тарихи-мәдени мұра біріктіреді.

    "Соңғы жылдары мәдени байланыстарымыз айтарлықтай жандана түсті. Көрмелер, кинофестивальдер, форумдар, еске алу кештері өткізіліп жатыр. Жастардың, жоғары оқу орындарының және ғылыми қауымдастықтың арасындағы қарым-қатынас, шығармашылық қауымның тікелей диалогы арқылы осы үрдіске тың серпін беру керек. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру ынтымақтастығымызды тереңдете түседі. Қазақстан отандық Silk Way телеарнасы жанынан аймақтық телеарна ашу туралы бастама көтерді", - деді мемлекет басшысы.

    Тоқаев Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне төнетін басты қатерлерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram