jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Бердімұхамедовпен кездесті: Қазақстан мен Түркіменстан көшбасшылары нені талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Сердар Бердімұхамедов
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Сердар Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында ел президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан президентіне алғыс айтқан.

    Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өткен.

    Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталған.

    Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылаған.

    Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылған.

    Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылған.

    Тоқаев Бердімұхамедовпен кездесті: Қазақстан мен Түркіменстан көшбасшылары нені талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram