jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев ТМД-ның халықаралық байланысын кеңейту қажет екенін айтты

    ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі
    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Достастықтың халықаралық байланысын кеңейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

    Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұсынысымен ТМД жанынан Байқаушылар және Серіктестер институты құрылғанын еске салды.

    "Осы бастаманың желісімен "ТМД плюс" форматы пайда болды. Ендігі қадам – алғашқы "ТМД плюс" саммитін ұйымдастыру деп ойлаймын. Жоғары деңгейдегі мұндай кездесу ықпалдастық географиясын кеңейтіп, еуразиялық ауқымдағы ашық әрі сұранысқа ие алаң ретінде ұйымның рөлін күшейтеді. Қазақстан конструктивті ұстанымға сай Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық тұжырымдамасын жетілдіру бойынша ортақ жұмысқа атсалысуға ниетті. Аталған құжаттың сипаты жағымды, конфронтациялық мазмұннан ада болғаны жөн", - деді президент.

    Мемлекет басшысы сөз соңында 35 жыл ішінде Достастық ұйымы мемлекеттер мен халықтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Өзбекстанға сәттілік тіледі.

    Тоқаев ТМД-ның халықаралық байланысын кеңейту қажет екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram