jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайым Қазақстанға келеді

    Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайым
    Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайым. Фото: Geert Vanden Wijngaert/Getty Images

    11-14 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бельгиялықтар Королі Филипп және Матильда патшайым Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Қазақстан президенті баспасөз қызметінің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайым "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

    Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

    Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайым Қазақстанға келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram