jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тікұшақтар тулармен ұшып өтті: Тоқаев Ақордада бельгиялықтар королі мен патшайымын қарсы алды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев және бельгиялықтар королі мен патшайымы
    Қасым-Жомарт Тоқаев және бельгиялықтар королі мен патшайымы. Фото: Ақорда

    Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өткен.

    Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.

    Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындаған.

    Айта кетейік, 11 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым келді. Оларды елорда әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

    Тікұшақтар тулармен ұшып өтті: Тоқаев Ақордада бельгиялықтар королі мен патшайымын қарсы алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram