jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ шұғыл мәлімдеме жасады

    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

    ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды ведомство өкіліне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға:

    • сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;

    • нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;

    • адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;

    • шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге төтенше жағдайға тап болған жағдайда ел азаматтарына Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-дың Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет екені айтылды.

    "Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

    Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77. Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

    ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруларыңызды сұраймыз", - деп жазды СІМ ресми өкілі

    Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ шұғыл мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram