Тоқаев бельгиялықтар королі мен патшайымына "Алтын адамды" көрсетті (фото)
Жарияланған күні:

Қазақстан президенті Бельгиялықтар королімен және патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Ақорда.
️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп король және Матильда патшайыммен бірге Ұлттық музейді аралады.
️Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады.
️Әсіресе бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударылды.
️Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.
️Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.
️Бельгиялықтар королі мен патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2441926-toqaev-belgiialyqtar-korolimen-zhane-patshaiymymen-birge-ulttyq-muzeidi-aralady/