jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бельгиялықтар королі мен патшайымы Тоқаев резиденциясындағы сәйгүліктерді тамашалады

    Белгиялықтар королі мен патшайымы
    Белгиялықтар королі мен патшайымы. Фото: Ақорда

    Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым Астанаға сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясындағы сәйгүліктерді көрді, деп хабарлайды Ақорда.

    "Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.

    Бельгиялықтар королі мен патшайымы Тоқаев резиденциясындағы сәйгүліктерді тамашалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram